бір топ тйені не деп атайды екен
Түйе атауларын білесіз бе?
Түйе – көшпелі қазақ халқы үшін жылқыдан кейінгі тіршілік үшін мәні зор, көшуге де, мінуге де қолайлы, еті мен сүті құнарлы азық, жүні киім-бұйым жасауға аса қажет төрт түліктің бірі.
Түйе – бір және екі өркешті ірі маңғаз мал. Күйіс қайырады. Түйенің жалпы атаулары:
Айыр түйе – қос өркешті, нар түйе – жалғыз өркешті түйелер. Ал жалғыз өркешті піштірілген еркек түйені де нар деп атайды.
Ішінде ботасы бар аналықтарын буаз, ботасы болмағандарын қысыр деп атайды.
Түйелердің шағылысу кезеңі қаңтардан басталып, сәуірге дейін созылады. Үлек 30 түйені, ал бура 20 түйені қашыру мүмкіндігіне ие. Еркек түйе шағылысуға бес жастан түссе, ал ұрғашы түйе төрт жаста-ақ бота әкеледі.
Бір өркешті түйенің буаз болу уақыты он екі айға, ал қос өркештініңкі – он төрт айға дейін созылады.
Енді түйе атауларына тоқталайық:
Бура – айыр түйенің таза тұқымды келеге түсетін аталығы.
Үлек – бұйра жүнді, бойы биік, алқымдарында ұзын жүні бар, шал құйрықты, жалғыз өркешті нар түйенің таза тұқымды аталығы.
Інген – қос өркешті айыр түйенің аналығы.
Інгенше – бес жасқа жетпеген, боталамаған айыр түйе.
Аруана – жалғыз өркешті таза тұқымды бұйра жүнді түйенің аналығы. Ұзын емшекті келеді, сүтті көп береді.
Мая – жалғыз өркешті нар түйенің аналығы – аруананың қосымша атауы. Кейуана – жалғыз өркешті құрметті кәрі түйе.
Бота, көшек – жасқа толмаған түйе төлінің жалпы атауы.
Нарбота – аруананың жасқа толмаған төлі.
Нарша – жас нар.
Қоспақ – өркешінің ұшы ғана айыр, інген мен үлекті будандастырудан алынған ұрпақ.
Нарқоспақ – аруана мен бураның буданы.
Балқоспақ – бура мен маяның айыр түйеге ұқсап туған буданы.
Ләкір – таза қанды бура мен аруанадан туған ұрпақ.
Жампоз – жалғыз өркешті аруана мен айыр түйенің бурасынан алынған асыл тұқымды ұрпақ.
Біртума – бір өркешті нар түйенің аталығы – үлек пен інгеннің, немесе, бура мен аруананың бірінші ұрпағы.
Түс айыр – таза тұқымды айыр түйенің бурасы мен інгенінен алынған бірінші бота.
Арақоспақ – таза тұқымды бура мен мырзақоспақ не балқоспақ інгеннің тұқымы.
Әле нар – таза қанды үлек пен аруананың ұрпағы.
Мырзақоспақ – бура мен балқоспақтан туған нардың үшінші ұрпағы. Дене бітімі мығым, жүні бұйра, түрі сиықсыздау, өркештерінің арасы алшақ емес, бір адам сиярлық кішкентай.
Арақоспақ – таза тұқымды бура мен мырзақоспақ, не балқоспақ інгеннен алынған тұқым.
Қырысты (керісті) қоспақ – үлек пен мырзақоспақ буданы. Бұл да бақырады.
Үлек бота – таза үлек пен аруанадан туған жалғыз өркешті еркек бота.
Алаша – асылтұқымды түйе мен жабы – жабайы түйеден шыққан тұқым.
Кезпар – үлек пен маядан туған будан.
Кезнар – қоспақ інген мен үлектің ұрпағы; еркек.
Қылағай – қоспақ пен айыр түйеден туған әлсіз, осал, нашар жетілген бақырауық түйе тұқымы. Жүні сирек, аяқтары жіңішке, басы кішкентай.
Ақбақ – таза тұқымды үлек пен қалбағай інгеннің буданы.
Қалбағай – қылағай інген мен үлектің буданы.
Бекбатша – бура мен аруанадан туған будан. Өркеші биік, бұйра қою, қалың жүні бар, сандары үлкен, аяқтары жуан, мойындары ұзын, басы астау тәрізді келеді.
Қолбатша – үлек пен інгеннен туған будан.
Жөнек – бекбатша не қолбатша бура мен аруана не жампоз інгеннің ұрпағы. Сандары жіңішке, іші үлкен, жүні ешкінің жүніне ұқсас, қабағы қалың, бақырауық.
Жарбай – мая мен үлектің екінші ұрпағы.
Жөң – мая мен үлек буданның екінші ұрпағы.
Күрт – айыр түйе мен үлектен туған будан.
Оқбақ – қоспақты қылағай нар мен қоспақты қылағай бурасынан туған тұқым.
Оқпақ – дене бітімі қораш, аяқтары сорайған ұзын, жапырақ өркеш, сұйық жүнді қылағайдан тараған тұқым.
Тайлақ – екі жасқа дейінгі төлдің атауы.
Сүттайлақ – енесі қысыр қалған, немесе, енесі боталауға бірер ай қалғанға дейін еміп жүретін тайлақ.
Кердері, кердары – біртума нармая мен жөң буданы. Нармаядан туса екінші, жөңнен туса, үшінші ұрпағы.
Бүлдіршін – үш жасқа шығар қайымаған түйе.
Құнанша – үш жасар ұрғашы түйе.
Дөненше – төрт жасар ұрғашы түйе.
Тығыршын – қайымаған дөнежін түйе.
Буыршын – аруана мен үлектен туған төрт жасар жас бура.
Нарша – буыршын жас нар.
Сапалдырық – будандастырылған түйеден тараған үшінші және одан кейінгі ұрпақтары.
Соқтан – төрт жасқа шығар пішпе түйе.
Үлекше – төрт жастан асқан, жалғыз өркешті түйе.
Інгенше – төрт-бес жас аралығындағы боталамаған айыр түйе.
Қылқи – енесі жампоз мая, атасы-үлек, жалғыз өркеш буданның төртінші ұрпағы.
Атан – төрттен асқан ақталған, ірі айыр түйе.
Атанша – жаңа піштірілген жас түйе.
Тұмса – алғаш боталаған інген, не мая.
Жөңбай – жөңнің ақта етілмеген бурасы.
Шау түйе – қартайып, күші қайтқан кәрі түйе.
Қаптағай – жабайы түйе.
Желмая – шөлге төзімді, күшті, жалғыз өркешті, жүйрік түйе.
Түйеде кездесетін түстер: ақ (атан), боз (інген), сары (тайлақ), қызыл (нар), қараша (қоспақ), қара (бура), қоңыр (мая).
«Артық болмас білгенің» рухани-танымдық жинағынан
Аты қандай, заты қандай: Созақ пен Түлкібас атаулары қайдан шыққан? 16 октября 2019, 15:10
Түркістан облысындағы Созақ пен Түлкібас аудандарының атауы қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі «Аты қандай, заты қандай» айдарында осы аудандардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.
«Халық тұратын мекен»
Бұл аудан адам баласы мекендеген ең көне өңірлердің бірі саналады. Ол жерден қола дәуіріне жататын суреттер табылған.
Ал Созақ ауданы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында 1928 жылы құрылған. 2019 жылғы дерек бойынша, ауданда 61 512 адам тұрады.
© otyrar.kz
«Созақ» сөзін көне жазбалардан кездестіруге болады, мұнда ол «Ұзақ жер», «Ұлы жер» деген мағынаны білдіреді. Ал ескі түрік тілінде «созақ» сөзін «халық тұратын мекен» деп аударуға болады.
Ауданға Созақ атауының берілуіне байланысты ел аузында аңыз бар. Бұрын сол маң сазды болған деседі, сол саздың үстінде көлшік жатқан екен. Су бертін келе сәл тартылып қалғанымен, ол жерге көктемде құстар ұшып келіп, мекендепті.
Сөйтіп, сол маңды мекендейтін халық саз үстіндегі көлшікті «Зәк суы», «Суы зәк» деп атайды екен. Артынша, «суызәк» сөзі пайда болып, кейін ол ауызекі тілде қысқартылып, «созаққа» айналған деген аңыз бар.
«Халық сенбеген әулие»
Түлкібас орналасқан мекенді бұрын Майлыкент деп атаған. Мұрағат құжаттарында оның негізі 1928 жылы қаланғаны айтылған. Биылғы дерек бойынша, ауданда қазір 111 250 адам тұрып жатыр. Аудан қарамағына 13 ауыл кіреді.
Түлкібас атауының шығуына байланысты ел аузында тарап жүрген бір аңыз бар. Бұрын сол өңірде Түлкібас деген әулие өмір сүрген. Ол көп адамды емдеп жазғанымен, оның әулиелігіне сенбейтіндер көп болған екен.
© otyrar.kz
Аңыз бойынша, Түлкібас әулие бірде түйесін Қосемшек төбесіне қарай жетектеп бара жатқанда, оған сенбейтіндер артынан әжуа етеді. Оған намыстанған әулие сол адамдарға қарай түкіріп жіберген екен. Сол кезде күліп тұрған 12 адам бір-бір бұлаққа айналып кеткен. Ел-жұрт сол жағдайдан кейін Түлкібастың әулиелігіне сене бастайды. Ауырған адам Түлкібас әулиенің түкірген жері деп, бұлақтан су ішеді екен.
Тағы бірде елде қуаңшылық болып, халық ашаршылыққа ұшырайды. Сөйтіп, бәрі жиналып, Түлкібас әулиенің басына келіп, көмектесуді сұрайды. «Көмектессең, атыңды ешқашан ұмытпаймыз» деп уәде береді. Сол сәтте жаңбыр сіркіреп, кейін ол ақ жауынға ұласқан екен. Содан бері жұрт сол аймақты Түлкібас атап кеткен.
Қанатты сөз – қазына. 1-кітап
Посоветуйте книгу друзьям! Друзьям – скидка 10%, вам – рубли
АЯҒЫҢНАН СҮРІНСЕҢ ДЕ,
Бұл жерде іс-әрекетіңмен қапы қалсаң да, сөзіңнен есе жіберме деген ойды айтып тұр.
Өткен ғасырда аға сұлтан болған Сандыбайдың Ердені найман Бәтеш деген жігітті өзінің үйінде қымызмұрындыққа жиналған жұртқа мақтап: «Осы жігіт елдің жағдайын ойлайды, халқының қажетіне жарайды», – деп отырса керек.
Сол кезде Бәтеш атынан түсіп келе жатыр екен. Сонда Ерденнің мақтаған жігітін сынап көрейік деген кісілер табалдырықтан бір сүйем жоғары жіп керіп қойыпты. Қаперінде ештеңе жоқ Бәтеш:
– Ассалаумағалейкум! – деп кіре бергенде, жіпке сүрініп, ортаға топ ете түсіпті.
Ерден ештеңе дей алмай булығып отырып қалыпты. Бәтеш жайымен орнынан тұрып, үстін қағып болған соң:
– Батырдың батыр екенін қайдан білесің,
Найза алып жауға шаппаса?
Бидің би екенін қайдан білесің,
Саралап билік айтпаса?
Байдың бай екенін қайдан білесің,
Оқалап үйін жаппаса?
Бәйбішенің бәйбіше екенін қайдан білесің,
Жиынға саба артпаса?
Жігіттің жігіт екенін қайдан білесің,
Қыздардың көңілін таппаса?
Қыздардың қыз екенін қайдан білесің,
Шытыра моншақ тақпаса?
Мынау Ерденнің ақ ордасы екенін қайдан білесің,
Біреу сүрініп, біреу жығылып жатпаса, – деген екен. Ерден Бәтештің сөзіне риза болып, ат-шапан сыйлап қайтарыпты.
АЯЗ БИ, ӘЛІҢДІ БІЛ, ҚҰМЫРСҚА, ЖОЛЫҢДЫ БІЛ…
Майқы би, Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. Ол екеуімен Майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт береді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:
Билер бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,
Әзір сөзімде болмас бұрыс.
Ақылым алжыған жоқ,
Ондайды болжағам жоқ.
Орынсыз ауыз ашсаң,
Екі би басарсың шоқ.
Құмырсқа жолыңды біл…
«Аяз би» ертегі аңызында «Аяз би әділ болды. Тура билік ететін еді. Нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тымағы мен тонына қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл!» – деп көңілін басушы еді дейді.
Бұл мақалда қолым билікке, тақ-мансапқа жетті деп, асып-таспа. Өз қалпыңа, сабаңа түс. Алды-артыңа қарап сөйле. Өз әліңді, жолыңды, жөніңді біл деген ой, қағида жатыр.
АЯҚҚА КІСЕН САЛУҒА БОЛАР,
ҚОЛҒА КІСЕН САЛУҒА БОЛАР,
АЛ, ТІЛГЕ КІСЕН САЛУҒА БОЛМАС
Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:
– Өзім асырап, есігіме салған құлым еді. Ауқат беріп, әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді.
Би жалшыға сөз беріп:
– Кәне, сен сөйлеші, – десе, әлгі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:
Аяққа кісен салуға болар,
Қолға кісен салуға болар,
Ал, тілге кісен салуға болмас, —
деп, жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.
Халқымыздың салт-дәстүрінде тіл мен сөзге үлкен мән берген. Сол себептен қандай ащы, ауыр сөз болса да, «айтып қалсын» деп, бөгет болмаған. Міне, «… тілге кісен салуға болмас» деген қанатты сөздің астарында дәстүрге негізделген осындай ой жатыр.
Бұл жерде орынсыз, ретсіз айтылған әзілдің зардабы ауыр болады, жақсылыққа апармайды деген ойды тұжырымдап отыр.
Үш құрдас жолаушылап келе жатып, бір үйге түседі. Үй иесі қонақтармен әңгімелесіп отырады. Бір кезде қонақтардың біреуі тысқа шығып кетеді. Үй иесі қалған екеуінен:
– Әлгі жігіт қандай адам? – деп сұрайды.
– Ол өзі бір есек, – дейді. Жігіт қайтып келген соң, үйдегі екі қонақ та аттарын көріп келуге шығады. Үй иесі қалған қонақтан:
– Бұлар кім өздері? – деп сұрайды. Қонақ:
– Бұлар бір жүрген ит, шошқа, – дейді. Кешке ас ішер кезде үй иесі қонақтардың адына бір дорба сұлы, бір мүжілген сүйек, суға былғаған бір шылапшын кебек қояды.
Қонақтар аң-таң болып ашуланады:
– Өздеріңіз бір-біріңізді есек, ит, шошқа деп таныстырғаннан кейін, әрқайсысыңыздың сүйген тамақтарыңызды әзірлетіп едім, – дейді.
ӘЗІЛІҢ ЖАРАССА, АТАҢМЕН ОЙНА
Өкей өзінің туған әкесімен де қатты қалжыңдасатын. Бірде ол әкесімен бірге дастарқанға отырып әйеліне «сорпа әкел» дейді. Сорпа өте ыстық болса керек. Өкей алдымен өзі ұрттап көреді де, әкесіне беріп жатып, әйеліне:
– Мына сорпаң сап-салқын ғой, әйтеуір ісің бір оңбайды, – деп ренжіген
сыңай танытады. Мұны естіп отырған әкесі сорпаны қаттырақ ұрттап қалып, аузын күйдіріп алады. Біресе ашуланып, біресе күліп, не істерін білмей қалған әкесіне:
– Апыр-ай, осынша жасқа келгенде, бала сиқты мұныңыз не, байқамайсыз ба? – деп «ақыл» айтыпты.
Әзілің жарасса, дос-жаран, қатарластарыңмен ғана емес, үлкен-кішімен де ойнауға, қалжыңдасуға болады деген ойды береді.
Ертеде бір байдың жалғыз ұлы болыпты. Әкесі қанша ақыл айтса да, дүние-мал жинау орнына оны оңды-солды шашыпты. Өзі секілді достарымен бірге қызық қуып, той тойлаудан басқаны білмепті. Бір күні әкесі қатты ауырып, өлетін күні жақындағанда баласын шақырып алып, былай деп өисет айтыпты: «Балам, сенің жағдайыңды біліп отырмын. Менің көзім тіріде айтқаныммен жүрмедің. Енді бұдан былай осы бетіңмен кете берсең, барлық дүние-мүліктен айырылып, қайыршы болып шығасың. Әрине, қайыршылық өмірге шыдамай, өлгің келеді. „Жақсы ит өлігін көрсетпейді“ демекші, сен ит емес, адамсың ғой. Осы үйдің төбесіне бір ағаш дайындап қойдым, өмірден түңілгенде соған асылып өлерсің. Менің өсиетім, соңғы ақылым осы».
Көп ұзамай әкесі қайтыс болады. Жігіт әкесінің тірнектеп жиған дүниесін шашуға кіріседі. Күнде той, күнде думан. Қанша мал болса да бей-берекет жұмсалған байлық ақыры таусылады. Не керек дос, жолдас болып жүргендер сырт айналып кетеді. Әйелі мен баласы күн көре алмаған соң, өз әке-шешесінің үйіне барып сағалайды. Не істерін білмеген жігіт өмірден түңіледі. Сол кезде әкесінің баяғыда айтқан ақылы, ең соңғы өсиеті есіне түседі. «Қой, былай қор болғанымша, асылып өлейін», – дейді. Арқан алып, әкесі дайындап кеткен ағашқа арқанды байлап, мойнына салып, өзін төмен тастап жібергенде, ағаш морт сыныпты. Сонда ағаштың арасынан алтын ақшалар сауылдап төгіліпті. Сөйтсе, әкесі өлердің алдында ағаштың ішіне көп ақша тығып, оның арасын білдірмей аралап қойған екен.
Одан кейін жігіт өз қателігін түсініпті. Дүниені босқа шашқанын қойып, жұмыс істеп, еңбек етіп, бай-бақуат, дәулетті өмір кешіпті.
Әке ақылы – өмірлік тәжірбиеден өткен, көрген-түйгені мол ақыл. Әке ақылы адастырмайды, адасқанды түзу жолға салады. Сондықтан балалардың әке ақылын тыңдап өскені жөн.
«Тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай» бағып-қағып өсірген балаларының мінез-қасиеттері әкеге бес саусағындай белгілі. Бұл – дәлелденбейтін қағида. Олай болса, әке сол мінез-қасиеттеріне қарап, қай баласының қандай шаруа, іске икемді, қандай өнер-білімге бейім екенін де алдын ала бағамдап, дұрыс сын-баға бере алады. Әкенің балаға сыншы болатыны да сондықтан.
Қыстау қораға көшуге әлі ерте деп жайлаудан күзеуге жұрт аударып қонған мал баққан қазақ ауылының қынаулы отыны сиырдың қу жапасы да, тамызығы қурай, көкпек, қоңыр жусан тағы басқа ғой. Жауын-шашын жиілеген шақта бұндай «жалпылдақ отын» өз-өзінен ылғал тартып, қазандық астында маздап жана қоймайды. «Ашқа тартқан кешке тартып» дегендей, үй іші телміріп, астың пісуін, қазанның түсуін күтіп отырған сондай күндердің бірінде бір үйлі жанның анасы балаларының біреуіне «Қазан қайнады ма екен, қарап келші!» – депті. Сонда әкесі тұрып: «Жоқ, ол емес, анау қарап келсін!» – десе керек, басқа баласын нұсқап. Бұның себебін түсінбей аңырып қалған әйеліне үй иесі: «Ақылды балам астына қарайды, ақымақ балам үстіне қарайды!» – деген екен. Себебі, баланың біреуі қазанның тек қақпағын ғана ашып қарап келеді екен де, екіншісі қазан қайнамай жатса, астындағы отын көсеп, тағы да тезек қалап, әйтеуір қазанды қайнатып келеді екен. «Әке балаға сыншы» деген сөз осыдан қалыпты.
ӘКЕНІҢ КӨҢІЛІ БАЛАДА, БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ ДАЛАДА
Бұл мақал көбінесе «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деп айтылады. Бала ата-ананың қалауынсыз, рұқсатынсыз іс-қылық көрсеткенде немесе күткен тілек, сенімдерін ақтамаған жағдайда үлкендердің аузына осы нақыл оралады.
Қалада оқу оқитын баласының аман-саулығын біле келген қария:
– Балам, көрдің бе, жұрт әне аялдамада да қағаз жазып отыр. Сен ақша керек болып қалғанда болмаса, «қол тимейді» деп, амандығыңды да білдірмейсің. Бәрінен де бұрын салған ақшаны алған-алмағаныңды біле алмай дал боламыз…
– Әке, сол салған ақшаң өзіңе қайтып бармады-ақ, мені аман екен деп санай бер, – дейді баласы.
Әке басын шайқап: «Әкенің көңілі балада, баланың көңілі далада» деген осы екен-ау, – дейді.
ӘКЕҢ ӨЛСЕ ДЕ, ӘКЕҢНІҢ КӨЗІН КӨРГЕН ӨЛМЕСІН
Ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар айта қалғандай дәулетті, малды екен. Ал, Жәнібек деген жалғыз ұлдары шөп басын сындырмаған кер жалқау болыпты. Әке сөзіне көңіл аспапты. Әкесінің қартайғанын да елемей, осы дүниеге ие болып қал деген сөзіне де көңіл қоймай жүре беріпті.
Күндер өтеді. Шал пен кемпір дүние салады. Олардан қалған мал-дүние біткеннен кейін Жәнібек жыртық шапанын иығына салып, жолға шығады. Жұмыс таппай көп қиналады. Сөйтіп жүргенде бір кісіге кез болады. Сұраса келе, ол әкесінің көз танысы екен. Ол Жәнібекке көп көмек көрсетеді. Оның ат жалын тартып, азамат болуына жәрдем етеді.
«Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген ескі қағида содан қалса керек.
«ХӘЛӘУЛӘЙІМ» ТАҒЫ БАР
Бір іс-шаруа (әңгіме, ән) жуық арада біте қоймай, созылып, ығыр қылғанда, осы әзіл, кекесінді сөз тіркесі ауызға түседі.
Бірде Алдар көсе мен Түлен, Құлан деген шайтандар сапарлас болады. Ай жүреді, жыл жүреді. Бір жерге келгенде, үшеуі де шаршайды. Демалып отырып Құлан айтады:
– Жүре-жүре шаршайтын болдық. Бәріміз бірге шаршағанша, біріміздің мойнымызға біріміз кезек-кезек мінсек, – дейді.
Алдар мен Түлен мақұл көреді.
– Алдымен қайсымыз мінеміз? – дейді Құлан.
– Сен екеуің шайтан болсаңдар, мен адаммын ғой. Сондықтан болу керек, аяғымды алға басуға шамам жоқ. Алдымен мен мінейін, – дейді Алдар.
– Жарайды, – дейді ана екеуі.
– Қанша уақыт мінгізуіміз керек, уақыт белгілейік, – дейді Түлен.
– Уақыт белгілеудің керегі не? Мен өлең айтайын, сол біткенше мінгізсеңдер болғаны. Сендер де өлеңдерің таусылғанша мінерсіңдер, – дейді Алдар.
Түлен мен Құлан мұны да мақұл көреді. Сонымен Алдар екі шайтанның мойнына мінеді де ыңылдап: «Әләуләй, әләуләй, әләуләй, әриәйдім…» деген өлеңін айтуға кіріседі. Шайтандар «Алдардың өлеңі бір таусылар» деп, әрі қарай жүре береді. Бірақ Алдардың «әләуләйі» таусылмайды. Әлгілер тағы шаршағасын:
– Осы сенің «әләуләйің» қашан бітеді? – дейді. Сонда Алдар:
– «Әләуләйім» таусылса, «хәләуләй» дегенім тағы бар. Жүре беріңдер! – дейді. Осылайша Алдар шайтандардың ит сілікпесін шығарып, баратын жеріне жетіп алыпты.
ӘЛШЕКЕЙДІҢ ӘЛПЕШКЕ САЛҒАН БІЛЕЗІГІНДЕЙ ЕКЕН
Шойнақ батырдың (ХVIII-ғасырда өмір сүрген) екі қызы болыпты. Солардың біріне Албандар, екіншісіне Дулаттар құда түседі.
Дулат биі Әлшекей құдалық жолын жасау орнына көп әскер әкеліп қыр көрсетіп, Шойнақтың ауылы маңына келіп, кернейлетіп, сырнайлатып жатып алады. Бұған ызаланған Шойнақ майдан ашайын десе, елден ұялып, Әлпеш деген жеңгесін Әлшекейге жібереді.
– Әлшекейге баршы. Жолын істемей, алшаңдап бұл не жатысы? Хабарын әкел, – дейді.
Әлпеш сәңқой әйел екен. Ол басқаны қойып, тіпті атының аяғына да білезік салғызып, жүреді екен. Ол биге келіп, аттан түспей:
– Уа, Әлшекей, әкең ұл болып, шешең қыз болып көрмеді ме? Бұл не жатысың? Жолың қайда? – деп айқай салады.
Шойнақтың жеңгесі астына мінген атының төрт аяғына түгел алтын білезік салып келіп тұрғанын көрген Әлшекей «бұлардан біз кем бе едік?» деп намыстанып, Әлпешті бар сыр-сипатымен күтіп алып, құдалық жолын екі-үш есе істеп, Әлпештің атының мойнына да білезік салып, құрметтеп аттандырыпты. Ел аузындағы «Әлшекейдің Әлпешке салған білезігіндей екен» деген әңгіме осыдан қалса керек.
Ұсынылған не, сыйланған заттың елден ерекшелігін, қораш немесе епетейсіздігін күлкі етіп сынаған жағдайда айтады.
ӘЛІ АУЫ МЕН БАУЫ БАР
«Еш нәрсе бітірмей, құр далбаңдап жүрміз, негізгі іс әлі алда» деген мағынада айтылады.
Ертеде бір арсың-гүрсің олақ әйел болыпты. Ол бірде көршісімен әңгімелесіп отырып:
Алты күн болды, дамбал тігіп жатырмын. Әлі ауы мен бауы бар. Желмін бе, құзбын ба? – деп бөсіпті.
Алты күн дегенде «әлі ауы мен бауы бар болса», сонда ол не бітірген?!
ӘЛІ НЕСІН КӨРІПСІҢ,
ҚЫЛ ТАҚҚАН СОҢ ҚАҢҚЫЛДАР
«Бұл – әлі бер жағы, түгел біткенін немесе нағыз өзін көрсең аузың ашылар еді», деген ойды бейнелеп айтқанда осы көз тіркесі қолданылады.
Ағаш шеберінің жасап жатқан затына сүйсінген біреу:
– Ой, мынауың не деген тамаша дүние?! Жұп-жұмыр болып жұтынып тұр ғой өзі! – депті. Сонда шебер сырбаздықпен:
– Әлі несін көріпсің, қыл таққан соң қаңқылдар, – деп, жымыңдапты. Сөйтсе ол дүниесі жартылай жонылған қобыз екен.
ӘЛІМНІҢ ҮЛКЕНІ ДЕ – ҚАРАКЕСЕК, КІШІСІ ДЕ – ҚАРАКЕСЕК
Қыдырқожаның (Байұлы) лақап аты «Қаракесек» екен. Сол Қыдырқожаның Бәйбішесі Тоқсұлудан – Байсары туған. Тоқсұлу дүние салған соң, балдызы Қағазға үйленіп, одан – Әлім, Шөмен туған. Осылардың Әлімінен – Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Қарасақал (Айнық, Тегінболат), Ұланақ (Қаракесек), Кете (Бозаншар, Тайқожа, Түменқожа), Шөмекей туған. «Алты ата – әлім» деп көбінесе осылай таратады.
Енді осылардың Ұланағы неге атасының есімімен «Қаракесек» аталуына
келейік. Қария сөздің айтуында Қаракесек өзінің немересі Ұланақты бауырына салып, оны «Сасықбайым», «Күлтелі сасығым» деп еркелетеді екен. Ұланақ та өз әкесі Әлімді мойындамай, атасы Қаракесектің баласымын деп өссе керек. Күндердің күнінде Қаракесек қайтыс болып, Ұланақ шаңырақ иесі болып қалады. Былайғы жұрт бұл шаңырақты бұрынға әдетімен «Қаракесектің үйі» деп атай береді. Бара-бара Ұланақты да «Қаракесек» деп атайтын әдет қалыптасады. Ұланақтың «Қаракесек»
аталуының себебі осыдан еді дейді. Күні бүгінге дейін әлім ішінде «Әлімнің үлкені де – Қаракесек, кішісі де – Қаракесек» деп айтылатын
мәтел сөздің мәнісі осында болса керек.
ӘҢГІМЕ – БҰЗАУ ЕМІЗЕР,
БҰЗАУ – ТАЯҚ ЖЕГІЗЕР
Бұл сөз тіркесі: «Құр әңгіме, сөзге алданып көп бөгелмейін, уақытты зая кетіріп, өкініште қалмайын» деген мағынаны білдіреді.
Өткен заманда бір жалшы әйел көршілерінің үйінде ұзын-сонар әңгіменің соңына түсіп, малдың өрістен қайтатын уақытын ұмытып кетіпті. Сол кезде сиыры өрістен келіп, бұзауын емізіп қояды. Сүттен қағылып, қарындары ашқан шиеттей балалары «шыр-шыр» етіп қоймаған соң, ашынған күйеуі әйелін ұрып-соғады. Содан ел ішінде «Әңгіме – бұзау, емізер, бұзау – таяқ жегізер» – деген сөз қалған екен.
ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА, ИТТЕРІ ҚАРА ҚАСҚА
Таңдайбай деген қу серіктерімен келе жатып, бір үйге түседі. Үйде бәйбіше мен келіні ғана бар екен. Қария қонақтарға сырмақ сал дейді. Таңдайбайды таныған кесір келін сырмақты қабаттап, тұйық жағын* отқа қаратып сала қояды. Таңдайбай малдасын құра төрге қарап отыра кетеді. Көптің ішінде теріс қарап отырған адамға таңданған кемпір:
Тұйық жағын* – қазақ халқының салты бойынша, астыға төсейтін сырмақ, көрпешелердің тұйық, бүктелген жағын іргеге яғни, қонақтың артына қаратып төсеген. Ашық жағы қонақтың жолы ашық болсын деп, алдына қаратылған.
Дастарқанды да үлкен болып, екі бүктеп жайған жағдайда, тұйық жағын сыйлы қонаққа қаратып қояды.
– Шеше, әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа деген ғой. Сіздің елдің салтын сыйлап отырмын, – депті.
Әр елдің салт-дәстүрі, әдет-жоралғысы басқа, өз еліңнен өзгеше болатыны белгілі. Тіпті бір елдің құрамындағы әр өлкенің де салт-жоралары өзгешелеу, өз еліңмен салыстырғанда, ерсілеу болатыны бар. Мақал сондай жағдайдан туған.
ӘР ҚАЗАННЫҢ ҚАҚПАҒЫ ӨЗІНЕ ШАҚ БОЛАДЫ
Шешеннің суық қолды бір жеңгесі көрші қонған үйдің боздау түндігін ұрлап алып, өзінің қараша шаңырағына көтеріп алады. Ұрлықты сезіп қойған мүлік иесі одан әрі-бері сұраса бермейді. Ақыры Бөлтірікке келеді. Шешен жеңгесінің үйіне келіп, шаңыраққа қарап:
– Жыртығына жамауың сай келмей тұр екен, жеңеше. Әр қазанның қақпағы өзіне шақ болады, – депті.
Адамның өзі араласатын ортасы, отбасы мүшелерінің мінез-қасиеттері, киген киімдері өзіне шақ, лайықты болады дегені.
ӘРКІМНІҢ СҮЙГЕН ЖАРЫ ӨЗІНЕ СҰҢҚАР
Бұл – «Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу» деген мақалмен сабақтас қанатты сөз.
Бір жолы Сырым батыр алыс сапардан ауылын сағынып келе жатып серіктеріне:
– Кәне, жігіттер, қаттырақ жүріңдер. Бүгін ауылға жете қонайық, – дейді. Оған жолдастары күліп:
– Үйіне басқа жігіт асықса, дұрыс, ал осы Сырым қайбір бүлдіршіндей келіншегіне асығып келеді екен? – деп қағытады. Сонда Сырым батыр:
«Әйелді әйел деп қорсынбаңдар,
Әйелсіз ерге күн бітпейді.
Қойды қой деп қомсыңбаңдар,
Қойсыз елге үй бітпейді.
Әркімнің мінген аты өзіне тұлпар,
Әркімнің сүйген жары өзіне сұңқар», – деп желе жөнеліпті.
ӘРКІМ ӨЗІНЕ ҚЫЛАДЫ
Біреуге жасаған жақсылығың да, жамандығың да, ерте ме, кеш пе, өзіңе қайтып айналып келеді. «Әркім өзіне қылады» деген мақалдың мағынасы осы.
Бір патша өзен бойында серуендеп жүріп, балықшы шалға кезігеді. Патша шалға сәлем берген екен, шал:
– Әркім өзіне қылады, – деп кете береді. Келесі күні балықшы шалды көріп, тағы сәлем береді. Балықшы:
– Әркім өзіне қылады, – деп, тағы да аялдамай кетіп қалады. Үшінші күні патша сәлем бергенде тағы да сол сөзді естиді.
Патша ордасына келген соң, балықшы шалдың бұл сөзінің мәнісін білмек болады да, жақсы көретін екі уәзірін жіберіп, балықшы шалды алдырады.
Балықшы ордаға келген соң, өзінің терең ойлы, қызықты әңгімесімен патшаны баурап алады. Әңгімеге айрандай ұйыған патша балықшы шалдың «Әркім өзіне қылады» деген сөзінің мәнісін сұрауды да ұмытып кетеді.
Сөйтіп, патша мен балықшы шал бал жаласқандай тату болады да, бір дастарқанда ас ішіп, әңгіме-дүкенін құрып жата береді. Күндер де зымырап өте береді.
Патшаның жалбыр тонды, жыртық шақайлы балықшы шалды ордасына алып келіп, киіндіріп баптап, соншама қадірлеп жақсы көріп кеткеніне іштері күйген екі уәзір патша мен балықшы шалдың арасындағы қыл өтпес татулықты қалай ірітіп, бір-бірінен алшақтатудың амалын ойлапты. Сөйтіп, олар балықшы шалдың жататын бөлмесіне кіріп:
– Құрметті ақсақал, – дейді сыпайы сөйлеп, – патшамыз сіздің аузыңыздан шыққан лептің сасықтығынан жиреніп: «Бұдан былай менімен дастарқан басында тамақ ішуден тыйылсын, жаныма жолатпаңдар» деп бұйырды, – дейді.
Балықшы шал жұмған аузын ашпайды.
Күндер өте береді. Балықшы шалдың қасына не себептен келмей жүргенін білмек үшін патша екі уәзірін шақырып алып, сұрайды. Сонда бір уәзір тұрып:
– Алдияр тақсыр, ұмытып барады екенмін. Ол кісі «патшаның аузы тым сасық екен, онымен бірге отырып тамақ ішпеймін» деп келмей жүр, – деп мәлімдейді. Өңі сұрланып, ашуға булыққан патша:
– Ол бетпақ, арсыз қақбасты зынданға тастаңдар! – деп бұйырады. Осы жарлықты күткен уәзірлер патша әмірін табанда орындайды. Екі уәзір ойлаған мақсаттарына жетеді.
Ағып ай, жылжып жыл өтеді. Зындандағы күнәлілерді жылына бір тексеріп тұратын бұл патшаның дағдысы екен. Сондай тексеріп, үкім шығаратын уақыт жетеді. Сонда балықшы шалдың қылмысын тексере келгенде, оның күнәсі «патшаның аузы сасық» деген сөз екен. Тексерушілер шалды патшаның алдына алып барады.
Патша мен балықшы шал беттесіп сөйлескенде, екеуінің де мұндай сөз айтпағаны, бұл сөзді екі уәзірінің ойдан шығарғаны, екеуінің терең татулығын бұзбақ болғаны анықталады.
Бұл ахуалды білген соң, патша қатты қаһарланады. Кәріне мініп, ашудан қалтырап кетеді. Жендеттерге екі уәзірінің басын табанда алдырады. Сонда балықшы ордасына неге алдырғаны қалт есіне түседі. «Әркім өзіне қылады» деген сөздің мағынасын айқын түсінеді. Содан кейін балықшы шалды уәзірлікке тағайындайды. Сөйтіп, әділ билігімен даңқы жайылады.
БАЙЛЫҚ – ҚОЛДА ҰСТАҒАН МҰЗ,
БАҚ – ҰЗАТЫЛҒАН ҚЫЗ,
БАЛА – АДАМНАН ҚАЛҒАН ІЗ
Дүние-байлығың еріген мұздай жоғалып, жарлы болуың оңай, бақ та басыңа қонып, енді бірде ұзатылған қыздай тастап кетеді. Ал артыңда қалған балаң – өміріңнің жалғасы, үйіңнің отын сөндірмей, ұрпақ үрдісін жалғастыратын із сияқты мәңгілік дегенді аңғартады.
Бірде Шымкентте өткен ояздық жиналысқа Шойынбет би төрелік жасайды. Келгендердің кейбіреуі оның шағын денесіне, жұпыны киіміне қарап, «Мына түріңмен қандай билік айтып жарытарсың» дегендей сыңай танытады. Сонысын дәлелдегісі келген әлгілердің бірі: «Шойеке, менің сізге сауалым бар, соған жауап беріңіз», – деп қолқа салады. Шойекең бұған қарсылық білдірмейді.
– Байлық жақсы ма, бақ жақсы ма, бала жақсы ма? – дейді әлгі.
– Байлық – қолда ұстаған мұз, бақ – ұзатылған қыз, бала – адамнан қалған із, – деп жауап қайырыпты.
БАҚ ҚАЙДА БАРАСЫҢ – ЫНТЫМАҚҚА БАРАМЫН
Өзара ынтымақты, тату, сыйластығы жарасқан отбасының береке-бірлігі де мызғымайды, ырысы молайып, бақ-дәулеті артады, деген мағынаны береді.
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады.
Бірде Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келген Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ», дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.
– Балам, мынаны сындырып көрші?
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
– Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?
Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп оп-оңай сындырып береді. Әнет баба:
– Бұдан не түсіндің, балам? – дейді.
– Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: Ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, «бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады» дегеніңіз ғой.
– Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың – ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, – депті.
БАҚ ҚАРАСЫН, ҚЫДЫР ДАРЫСЫН
Ертеде Бақ пен Қыдыр Қаратаудың жотасымен келе жатқан екен. Оларды көріп жетім-жесір, ғаріп-кесір, бай-манаптар шапағат етуін сұрап, жабылады. Бәрі Қыдырдың шапанына жармасады. Біреулері аса таяғын ұстап, енді бірі бөркін сипап тілектерін айтып жатады. Қасында келе жатққан Бақты ешкім елемепті. Ол кезде жұрт Бақты танымайды екен. Үстіне ескі шапан, жыртық қалпақ киген оны жұрт менсінбепті. Бақ ат жақты келген, қасының түктері көзіне түсіп, көп нәрсені көрмейді екен. Айналасындағы у-шуды түсінбей:
– Мына шуылдақтар кімдер? – деп қалың қасын жалп еткізіп, басын жоғары көтеріп қалғанда, қыр басындағы кемтар қызға көзі түсіпті. Оны көрген Қыдыр ақ таяғын кемтар қызға қарата нұсқайды да, қаумалаған көпшілікке:
– Бақ қарамаса, мен дарымаймын. Бүгін бақтың көзі қырдың басында тұрған қызға түсті. Сендер бақтың киімін қомсынбай, соған жақындағанда, мен сендерге назар салар едім, – дейді де, Бақ екеуі көзден ғайып болады.
Бақ қарап, Қыдыр дарыған кемтар қыз ауруынан сол сәтте сауығады. Артынша тұрмысқа шығып, үйлі-баранды болған екен. Алла бір басына жететін дәулет беріп, мұратына жетіпті.
Ел арасында «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген тәмсіл осыдан қалған екен.
Бата, тілек құрамында көп кездеседі, ырыс-несібелі, бай-дәулетті, жолың болсын, мақсат-мұратыңа жет деген жақсы лебіздердің жиынтық-түйіні іспетті.
БАЛА ӨСІРСЕҢ, ШАЛА ӨСІРМЕ
Баланы ешкімнен кем қылмай ішіндіріп, киіндіріп, тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай, мәпелеп өсіріп келем, енді одан артық не керек деп, оның тәрбиесіне көңіл бөлмейтін немесе немқұрайлы қарайтын ата-аналарға балаңды шала өсірме, оның тәрбиесіне, рухани жан-дүниесіне де ден қой дегенге меңзейді.
Қабыланның* күшігі қызылшақа, әлсіз болып туылыпты. Оны көрген аю, жолбарыстар «Сен бала емес, құбыжық таптың» деп мазақтай беріпті. Аңдардың келемежіне намыстанған қабылан тау шатқалындағы аңойнақтан безіп, мал өрісін сағалап жүреді екен.
Бір күні мал соңында қозысын емірене жалап тұрған қара саулыққа кез келіпті. Құлақтары салпиып, аяқтары маймиып тұрған кішкентай қозыны көрген қабылан:
– Ей, қоңыр қой, момын қой,
Мұндай бала сорың ғой.
Жаламасаң жетпей ме,
Өзі жүріп кетпей ме? —
деп сөгіпті. Сонда қара саулық айтыпты:
Жас кезінде жаламасаң,
Жемге үйретіп жегізбесең,
Бұл сөзге ойланып қалған қабылан өз басындағы мұңын айтып, қара қойдан ақыл сұрапты.
– Атым – қабылан, затым – аң, атамыз – арыстан, нағашымыз – жолбарыс, ағайынымыз – барыс. Бәріміз де мықты едік. Алайда осы бір балам қортық болып туылды. Мазақтан өлер болдым. Сен адамға жақынсың ғой, бір ақылын айтпайсың ба? – депті.
Қара саулық та қабыланның алғашқы кездегі тәкаппарсына сөйлегеніне қарай:
– Сіздің бойыңыз үлкен болса да, ойыңыз өспеген тәрізді. Баланы табуды білген жан-жануар оны бағып-қағып, мәпелеп өсіруді де білуге міндетті.
«Бала өсірсең, шала өсірме» дейді шопандар. Балам жақсы болып өссін десең, көп жала, көп қара. Көп жаласаң —жүн бітеді, көп қарасаң – сын бітеді. Ең әлсіз де нашар бала – құстардың тұқымы. Олар жұмыртқаның ішінде кілегей уыз болып жатады. Ерінбей шайқап, жалықпай басқан құстар сол шаранадан балапан ұшырады. Мысық екеш мысық та соқырына* мейірлене қарап, мекірене жалап өсіреді, – депті.
Қара саулықтан кеңес алған қабыланның сол баласы мысық сияқты тарғыл, кішілеу болғанымен, күшті, жүйрік, көреген және епті болып ер жетіпті. Сілеусін дейтін аң осы қабыланның баласы болса керек дейді қарттар. «Бала өсірсең, шала өсірме» деген сөз содан қалса керек.
Қабылан* – жолбарыстан кішілеу, шұбар түсті жыртқыш аң.
Соқыр* – мысықтың қызылшақа баласы.
Әр ата-ана үшін туған баласы бауыр етіндей қымбат, жамандыққа, өлімге қимайды деген мағынаны береді.
Қазыбек беріде елге бегілі болған кезде бір балаға дауласып екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:
– Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам «өз балам» деп бермейді, – дейді.
– Бала өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр – дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:
– Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді, – дейді де, баланы екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «Екеуіңе де қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?» – дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
– Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! – деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел:
– Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де тірі болсын, шаба көрмеңіз! – деп безек қағады. Содан барып Қазыбек:
– Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер, – деп билік айтады.
БАЛАЛЫ ҮЙ – БАЗАР, БАЛАСЫЗ ҮЙ – АЗАР
Отбасының берекесі де, мерекесі де – бала екенін, ал баласыз үйден береке де, көңіл де қашатынын. Отбасының ертелі-кеш шырқы бұзылатынын осы бейнелі сөзбен жеткізеді. Бұл мақалдың «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген нұсқасы да бар.
Ертеде бір жолаушы келе жатып, бір үйге кірген соң шәй келеді. Шәй үстінде жолаушы келінінен бала жайын сұрайды. Сонда келін:
– Баланы әкесі ойнатқызбайды. Бала ойнағысы келсе, әкесі жоқ кезде ойнайды. Әкесін көрсе, қазанның астына кіріп кетеді, – депті. Сәлден соң үй иесі кіріп келеді. Сонда жолаушы:
– Шәй іш десең, баланы босат. Сен де, мен де бала болдық қой. Бала сенің болашағың. Баланы ойнатпасаң, шәй ішпеймін, – депті. Үй иесі түсінгендей болып, далаға шығып, баланы жебереді. Сонда жолаушы:
– Балалы үй – базар, баласыз үй – азар, – деген осы депті.
БАЛАНЫҢ БЕСІГІ – КЕҢ ДҮНИЕНІҢ ЕСІГІ
Бейбіт, тыныш жатқан ауылға жоңғарлар шауып, мал-мүлкін тонап, ел-жұртын қиратып кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел-жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екіқабат жас келіншек бесікті арқалап бара жатады. Қара жолда Төлемен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі:
– Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай, – дейді. Сонда ақылгөй Төле:
– Баланың бесігі – кең дүниенің есігі, – депті.
Бұл қанатты сөзде барлық адамның, дүниеге келген ұрпағыңның жолы бесіктен бастау алады. Өзің де сол қасиетті бесіктен өсіп-өніп шығасың. Ендеше сол кең дүние сыйлаған киелі бесікті бағалап, құрметтеуге тиіссің деген ой жатыр.
БАЛАҢ ЖАМАН БОЛСА, КӨРІНГЕННІҢ МАЗАҒЫ
«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» деген халық мақалы мәндес қанатты сөз.
Бұл нақылды Қаз дауысты Қазыбек би бір жиында біреудің әдепсіз, өнегесіз баласын көргенде:
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Шыбын жанның азабы емес пе. – депті.
БАЛЫҚ БОЛЫП КЕТКЕНСІҢ БЕ?
Бұл сөз тіркесі судан шықпай қойған немесе сулы жерлерде көп айналшықтаған адамдарға кейіген жағдайда, кейде әзілдегенде айтылады.
Екі әйел сырласып отырады. Бірі:
– Шешей, сіз осы жылына неше шомыласыз? – дейді. Екіншісі:
– Мен жылына екі рет шомыламын: көктемде – Ойылдан, күзде Жемнен өткенде.
– Туу, өзіңіз балық болып кеткенсіз бе? – депті бастапқы әйел.
БАРДЫҢ ІСІ ПАРМАНМЕН,
ЖОҚТЫҢ ІСІ АРМАНМЕН ӨТЕДІ
Бірде қала сыртындағы бір ауылда көкпар беретін той болады. Жаңбыр жауып тұрса да, оған жұрт ағылады. Жақсы ат мінген Намазбай көкпаршы жолда жаңбырдан домбырасын шапанымен қалқалап, тойға жаяу тартып бара жатқан Ермахан жыршыдан озып өтеді.
Бұлар барған соң тойды қыздырады. Соңғы отырыста жыршы біреумен ерегісіп қалады да, осыны сылтауратып, тастап кеткен көкпаршыға өкпесін қайт-қайта айта береді. Жұрттың «қой» дегеніне болмайды.
– Әй, «қой» дегенде қоямысың, әйтпесе тұр, үйден шығарып тастайын, – деп, оған көкпаршы шүйіледі. Сонда жыршы:
– Бардың ісі парманмен,
Жоқтың ісі арманмен өтеді, – деген екен. (А. Төбелбаевадан).
Мұндағы ой: Бардың, байдың ісі бұйрықпен, өктемдікпен, басакөктеумен алға жылжиды. Ал кедей-кепшіктердің ой-ісі орындала бермейді, армын-қиял күйінде қалады дегенді білдіреді.
БАС БІЛГЕН ӨГІЗГЕ «ӨК» ДЕГЕН – ӨЛІМ,
БАПКЕР ДИҚАНҒА «ЕК» ДЕГЕН – ӨЛІМ
Ертеде жер жыртып жүрген диқанға өзі егіс егудің мәнісін білмейтін еріккен бір саудагер кезігіп: «Егісті олай емес, былай егеді. Ең әуелі тұқым сатып алады. Өгіз жалдайды», деп, әлгі диқанға ақыл айта беріпті. Жер жыртудың, тұқым себудің жайын жақсы білетін диқан оның сөзін тыңдап тұрыпты да: «Саудагерім, сен сөз сепкен адамсың, мен тұқым сепкен адаммын. Көп сөйлеп ісімнен қалдырма. «Бас білген өгізге «өк» деген – өлім, бапкер диқанға «ек» деген – өлім», – депті.


