жарты жылды есеп балабашада ортаы топ

Жарты жылдык есеп

«Жұлдызша» ерте жас тобының 2019-20120 оқу жылының жылдық есебі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баулудың міндеті- сәби шақтан бастап еңбекке қажеттілікті алғышарттарды қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы ата-аналардың педогогикалық білімдерін жетілдіруде ең ұйытқы болатыны – балабақша. Бұл тұста ата-аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне тиіп отыр. Бала тәрбиесінің алтын бесігі-отбасы. Бұл шағын әлеуметтік тап – бала үшін өмір мектебі.

Просмотр содержимого документа
«Жарты жылдык есеп»

«Жұлдызша» ерте жас тобының 2019-20120 оқу жылының жылдық есебі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баулудың міндеті- сәби шақтан бастап еңбекке қажеттілікті алғышарттарды қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасындағы еңбек тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы ата-аналардың педогогикалық білімдерін жетілдіруде ең ұйытқы болатыны – балабақша. Бұл тұста ата-аналарға баланы еңбекке баулу бойынша бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесіне тиіп отыр. Бала тәрбиесінің алтын бесігі-отбасы. Бұл шағын әлеуметтік тап – бала үшін өмір мектебі.

Жан жақты жетілген бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру әр отбасының,балабақшаның,барша халықтың міндеті. Біздің мақсатымыз балаларды адалдыққа,әдептілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, жаманнан жиреніп жақсыны үйренуге, осы қасиеттерді бойына сіңіруге қалыптастыру барысында тәрбиелік іс-шаралар мен оқу қызметтері өтілді.

Биылғы оқу жылында балабақшаның алға қойған мақсаты : «Мектепке дейінгі балалрдың жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық рухани тірбие беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеу- оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану».

Тамыз айында 20бала «Жұлдызша» кіші жас тобына қабылданды.

Бастапқы кезеңде барлық балалар балабақша күн тәртібіне бейімделмеген болып келді. Оларға балабақшадағы күнделікті қайталанатын гигиеналық шараларға бейімдеуден бастадық. Балалар өздері тамақтануды, түбекке отыруды, беті қолын үлкендердің көмегімен жууды, үлкендердің көмегімен киініп және шешінуді үйренуді бастады. Балалар жылдың соңына өз жас ерекшелігіне сай барлық гигиеналық шараларға толық бейімделді.

Қазан айында «Қош келдің, Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілік өтті.

жарты жылды есеп балабашада ортаы топ

«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігін екі тәрбиеші өткізді. Балалар ертеңгілікте мерекелік көңіл күйде болып билерін биледі.

жарты жылды есеп балабашада ортаы топ

Балабақша ішінде өткен «Қол өнер» байқауына қатысып 2 орынды иеленді.

Республикалық «Интоолимп» қашықтық байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін «Алғыс хат».

Республикалық «Данышпан» қашықтық байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін «Диплом»

Облыстық «Білім шапағаты» газетіне ашық оқу қызметінің жоспары жарияланды.

Халықаралық «Мультиурок» сайтына жұмыстарын жариялаған үшін сертификат.

«Балықтар жүзеді» атты ашық оқу қызметі өтілді сурет салудан.

Хадыр Кенжегүл өз білімін жетілдіруде «Бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбында жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар жүргізулуде.

жарты жылды есеп балабашада ортаы топ

«Зият» ғылыми –әдістемелік орталығынан «Диплом».

Республикалық «Данышпан» қашықтық байқауына жеңімпаздарды дайындағаны үшін «Диплом»

Облыстық «Білім шапағаты» газетіне ашық оқу қызметінің жоспары жарияланды.

«Жемістер жыры» атты ашық оқу қызметі өтілді көркем әдебиеттен.

жарты жылды есеп балабашада ортаы топ

Бабылжанова Айтұрған өз білімін жетілдіруде «Кіші тобындағы балалардың тілін дамытуға арналған дидактикалық ойындар түрлері». тақырыбында жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілді.

Оқу қызметтерінде түрлі дидактикалық, қимылды ойын, үлестірмелі материалдар,үстел үсті ойындар,мозайка,пазлдар,санамақтар түрлері жаңаша түрлендіріліп өткізілуде.

Сонымен қатар, күзгі және жаңа жылдық ертеңгіліктерге залды безендіруге көмек көрсетілді. Және осы мерекелерге қабырға газеті ілініп, топқа мерекелік безендіру жасалынды.

2019-2020 оқу жылының мониторинг көрсеткіштері мынандай:

Источник

Шағын орталықтың І жарты жылдық есебі

Ищем педагогов в команду «Инфоурок»

жарты жылды есеп балабашада ортаы топ

Описание презентации по отдельным слайдам:

«Айгөлек» шағын орталғының Жарты жылдық есебі

2010 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Жамбыл орта мектебінде «Айгөлек» шағын орталығы ашылды.

Шағын-орталықты ұйымдастырудың мақсаты Мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамытып, оларға ұлттық тәрбие беру

1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау; 2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау; 3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету; 4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; 5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау; 6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

1-ден 3 жасқа дейінгі балалар «Алғашқы қадам» бағдарламасын, ал 3-тен 5 жасқа дейінгі балалар «Зерек бала» бағдарламасын меңгеруде. «Құрастыру» сабағы «Сенсорика» сабағы «Тіл дамыту» сабағы Сергіту сәті «Музыка» сабағы Сурет сабағы Жапсыру сабағы

5 тәрбиеленуші «Үркер» марафонына қатысып, Сертификатпен марапатталды

«Айгөлек»шағын орталықтың жылдық жұмыс жоспары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. № Тақырыбы Мерзімі Мақсаты 1. «Қазақ тілім-мақтанышым» 20.09 Туған тілді құрметтеуге тәрбиелеу 2. «Қарттарым- асыл қазынам» мерекелік іс-шараға қатысу 1.10 Қарттарды құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. 3. «Көңілді күз» ертеңгілігі 4.11 Үлкендердің еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа баулу. 4 «Менің тұңғыш-Президентім» 1.12 Елбасын танып білуге, құрметтеуге тәрбиелеу 5. «Тәуелсіздікке мың тағзым!» тәрбие сағаты 13.12 Патриоттық тәрбие беру 6. «Шырша тойы» мерекелік кеш 26.12 Эстетикалық тәрбие беру 7 «Бағдаршам» үйрену сабағы 20.01 Жолда жүру ережелерімен танысу 8. «Қыс қызығы» тану сабағы 13.02 Шығармашылыққа баулу 9. «Айналайын анашым!» мерекелік кеш 05.03 Аналарды құрметтеуге, қолқанат болуға баулу 10. «Армысың әз-Наурыз!» 18.03 Ұлттық тәрбие беру 11. «Ұшқыш болғым келеді. » тану сабағы 13.04 Ғарыш әлемі туралы түсінік алу 12. «Болашақ спортшылар!» Спорттық іс-шара 25.04 Деніміз сау болуға шымыр болуға тәрбиелеу 13. 1 мамыр бірлік күніне мерекелік іс-шара 1.05 Бірлікке баулу, достық сезімдерін ояту. 14. 9 мамыр Жеңіс күніне арналған отбасылық сайыс 06.05 Батырлыққа Отансүйгіштікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын насихаттау 15. «Қош бол, балабақшам!» шағын орталықпен қоштасу кеші 28.05 Адамгершілікке, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу 16. «Біз өмірдің гүліміз!» балаларды қорғау күні 1.06 Шығармашылық қабілеттерін дамыту

Источник

1 жарты жылдық есеп

Ищем педагогов в команду «Инфоурок»

«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің

педагог-логопеді Даубаева Лаураның

2015-2016 оқу жылының

I жарты жылдықта жасаған жұмыс

2015-2016 оқу жылында педагог-логопед көмегін қажет ететін оқушылар анықталып, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 4-«ин» түзете-дамыту сыныбында 10 оқушы, 2- «д» сыныбында 11оқушы бар. Жолдама алып келген күннен бастап қойылған диагнозы бойынша сабақ өтілді. Сабақ кестесі бойынша күнделікті жеке және топтық сабақтар өтілді. Балалармен атқарылған жұмыс өз жүйесінде өткізілді.Осы балаларға сабақ кестелері қойылып жұмыс жоспарлары түзілді.Сабаққа қатысуын педагог-логопед, сынып жетекшілері және ата-аналар жүзеге асырды. Осы оқушылармен логопедиялық жұмыстар жалғастырылады.

1.Өмірзақ Нұрқанат- 4«ин» сынып оқушысы. Диагнозы-Психикалық дамуы тежелген,дислалия,дисграфия. Аталған оқушымен логопедиялық жұмыстар жүргізілді. Рр, Сс, Шш, Жж және Зз дыбысын айтуда өзгерістар бар. Бірақ әлі де болса бұл жұмыстарды жалғастыру керек.

2.Смағұлов Абылай — 4«ин» сынып оқушысы. Диагнозы-Психикалық дамуы тежелген, дислалия. Аталған оқушымен логопедиялық жұмыстар жүргізілді. Рр дыбысын айтуда өзгерістар жоқ, жұмыстарды жалғастыру керек.

3 . Жұмабай Дінмұхаммед -2«д» сынып оқушысы-ЗПР, дислалия, Аталған оқушымен логопедиялық жұмыстар жүргізілді. Рр және Лл дыбысын айтуда өзгерістер бар. Рр және Лл дыбысын анық және таза айтып жатыр.Бірақ әлі де болса бұл жұмыстарды жалғастыру керек .

4.Мадибек Фариза- 2«д»сынып оқушысы.Диагнозы-Психикалық даму ы тежелген, Дислалия. Аталған оқушымен логопедиялық жұмыстар жүргізілді. Рр дыбысын айтуда өзгерістар жоқ, жұмыстарды жалғастыру керек.

5.Сұлтан Нұрасыл-2 «д» сынып оқушысы. Диагнозы-ПДТ дислалия,дисграфия. Аталған оқушымен логопедиялық жұмыстар жүргізілді. Рр, Нн,Ңң,Өө дыбысын айтуда өзгерістар бар. Бірақ әлі де болса бұл жұмыстарды жалғастыру керек.

6 . Шубай Айдариға — 2«д» сынып оқушысы. Диагнозы-ПДТ, дисграфия. Аталған оқушымен логопедиялық жұмыстар жүргізілді. Дыбыстарды ажырата алатындай дәрежеге жетті. Бірақ әлі де болса бұл жұмыстарды жалғастыру керек.

7.Шубай Гүлдариға -2«д» сынып оқушысы. Диагнозы-ПДТ, дисграфия. Аталған оқушымен логопедиялық жұмыстар жүргізілді. Дыбыстарды ажырата алатындай дәрежеге жетті. Бірақ әлі де болса бұл жұмыстарды жалғастыру керек.

Қорытынды: педагог-логопедтің көмегін қажет ететін оқушылардың көрсеткіші оқу жылының басына қарағанда жақсарды.

Источник

Жылдық есеп балабақша қорытынды

Ищем педагогов в команду «Инфоурок»

«Ертөстік» тобының жылдық есебі

Қантар айында Амангелді ауданының 89 жылдығына арналған мастер класс сабағы өтті.Онда балалар өз шығармашылықтарын шыңдай түсті.Су бояумен балалар ақ қағаз бетіне көркейіп келе жатқан ауданымыздың суретін салды. Бұл сабақ сайтқа жарияланды.

Ақпан айының екінші аптасында Білім беру ұйымының ұйымдастыруымен Амангелді ауданында «Біз ағылшын тілін білеміз» атты ағылшын тілі апталығы өткен болатын.Ол апталықта «Жұпар» балабақшасының намысын қорғап барған Әділханова Асыл мен Дінмұхамедқызы Анель жеке грамоттармен марапатталып, 13 топтың ішінен 2 орынға ие болды.Амангелді ауданында ең алғаш ағылшын тілі апталығына қатысқан балалар тізімі деген атпан Әділханова Асыл және Дінмұхамедқызы Анель қызыл кітапқа енді.

Жеңіс күніне арнап «Айгөлек», «Ертөстік» топтары «Жеңісің туы желбіре» атты іс-шара өткіздік.Бұл іс-шарада балаларға қазақ батырлары мен батыр апаларымыз туралы мәлімет берілді. Бұл мақала Амангелді арайы,Училеьская газеті,сайтта жарияланды.

Мамыр айында «Ертөстік» тобында «Қош бол жылы ұя» атты ертеңгілік өтті.Биылғы оқу жылында

Балабақшамыздан жалпы білім беретін мектепке он алты тәрбиеленушіні шығарып салдық.Ертеңгілік барысында кішкентай бүлдіршіндер білім беру саласының бес саласы бойынша білімдерін бекіте отырып,өз өнерлерін ата-аналарына паш етті. Бұл мақала Учительская плюс,Амангелді арайы газетіне,сайтқа жарияланды.

Осы оқу жылының аяғында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Алтын сақа» сайысы өтті.Бұл сайысқа үш бала апардық. Бірлік Жалғас бірінші орын,Тұрғынов Нұралы екінші орын, Қалыбек ұлы Мәди үшінші орын сияқты жүлделі орындармен оралды.

Сонымен қатар Аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Түйме қыз» байқауы өтті. Бұл сайыста екі тәрбиеленушімде құр келмеді қанжыларына Аманжолова Жанерке бірінші орын,Оразғалиева Айзере екінші орынды иеленіп келді. Бұл екі байқаудында мақсаты жас ұрпаққа қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, қазақтың көнеден келе жатқан асық ату салтын дәріптеу болып саналса,қыз баланың инабатты,ибалы болуына бағыт бағдар беру.

Источник

Жарты жылдық есеп

Мен навирдинова гульниса 2017 жылдың 4 қыркүйек айынан бастап « Алтын-орда Шұғыла» балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарудамын. Мен 3-4 жастағы балалар « Еркетай » тобының тәрбиешісімін. Жыл бойына балалармен ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығымен таныстырылды.

Просмотр содержимого документа
«Жарты жылдық есеп»

2017-2018 оқу жылына арналған

Мен Бастаубаева Аида Нурбеккызы 2017 жылдың 4 қыркүйек айынан бастап « Алтын-орда Шұғыла» балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарудамын. Мен 3-4 жастағы балалар « Еркетай » тобының тәрбиешісімін. Жыл бойына балалармен ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығымен таныстырылды.

Бекітіліп берілген жоспарға сәйкес «Алтын күз» тақырыбында ата-аналарға мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

«Қош келдің, Жаңа жыл » ата- аналар қатысуымен жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды.

Балалардың жалпы даму көрсеткіші қыркүйек айымен салыстырғанда бірінші тоқсан нәтижесінің көрсеткіші өзгерген.Түстерді түгел ажыратады, салыстыра алады. Жыл мезгілдері туралы айта алады. Қоршаған орта туралы берілген ақпаратты қабылдап,тәрбиешінің тәрбиешінің қимылын орындай алады. Геометриялық пішіндерді атай алады. Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге мәнерлеп жаттай алады. Көмекті қажет ететін балаларға жекелей келу тәрбиеші тарапынан көрсетіледі.

Балалардың сөздік қорлары жақсы. Өз жастарына сай. Өз ойларын жеткізе алады. Сұрақтарға талап бойынша жауап бере алады.

Білім беру стандартына сәйкес балалар оқытылып,екінші және қорытынды тоқсан нәтижелерін оң нәтижеге жеткізуге жылдық міндет бойынша іске асырылады.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *